Алимент бойынша берешегі бар азаматқа қатысты заңда көзделген шара қолданылды

Алимент бойынша берешегі бар азаматқа қатысты заңда көзделген шара қолданылды

 Текелі қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы А.К. Акашева алимент бойынша берешекті өтеу жөніндегі сот актісін орындамаған борышкерге қатысты заңнамада көзделген шараларды қабылдады.

Нәтижесінде Талдықорған қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының қаулысымен борышкер Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhetysu/press/news/details/1288452?lang=kk