Ашық есік күні өткізілді

Ашық есік күні өткізілді

Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Бәйтерек ауданы,Переметное ауылында ашық есік күні өткізілді.
Шараға қатысқан департамент басшысының орынбасары Әдемі Бектібаева,облыстық әкімдік өкілі Г.Жардемова, заң консультанты, жеке сот орындаушы мен нотариус келген тұрғындарға құқықтық кеңес берді.
Ауыл тұрғындары мұрагерлік,несие,алаяқтық,алимент өндіру бойынша сұрақтарын қойып,толыққанды кеңес алды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-bko/press/news/details/1288411?lang=kk