Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы

«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2025 жылғы 20 мамырдан 20 маусымға дейін.

Талданатын кезең: 2025 жылдың екінші жартыжылдығы және 2024 жылдың бірінші жартыжылдығы.

Талдау шеңберінде нормативтік құқықтық актілер мен ішкі құжаттардағы, кадрлық процестердегі, мүдделер қақтығысын реттеу мәселелеріндегі, қаржы-шаруашылық, шарттық және өзге де ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері зерделенетін болады.

Талдау нысанасына қатысты мәселелер бойынша ұсыныстар мен ескертулерді Басқармаға мына электрондық пошта арқылы жолдауға болады: goszakup@kostanay.gov.kz.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-memleket-satyp-alu/press/news/details/1288350?lang=kk