“Абай атындағы орта мектебі”КММ-де 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне арналған мерекелік іс-шараның ашылуы өткізілді.

“Абай атындағы орта мектебі”КММ-де 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне арналған мерекелік іс-шараның ашылуы өткізілді.

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні. Бұл атаулы күн еліміздегі барлық этностардың тілдері мен мәдениетіне құрмет көрсетуге, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға және жас ұрпақты ана тілін қадірлеуге тәрбиелеуге бағытталған.

Мерекелік іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін арттыру, ана тілді құрметтеуге баулу, Қазақстанда өмір сүретін түрлі этнос өкілдерінің тілдері мен мәдениетіне құрмет қалыптастыру, сондай-ақ ел бірлігі мен ынтымағын нығайту.

Осыған орай 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне арналған мерекелік іс-шараның ашылуы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тілдің адам өміріндегі маңызы, ана тілін ардақтау, көптілділік және тіл арқылы халықтар достығын нығайту мәселелері насихатталды.
Мерекелік іс-шараның ашылуы Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шаралардың басталғанын білдіреді.

Тіліміз тұғырлы, бірлігіміз ғұмырлы болсын!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1288299?lang=kk