Арқарлы ауылдық округінде бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимылды күшейту және мал ұрлығының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары өтті.
Ақпараттық-профилактикалық шараға ауылшаруашылығы маманы мен учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Арнұр Меңғалиұлы қатысты.
Негізгі айтылған мәселелер:
Ветеринариялық есеп: Төрт түлікті ИСЖ базасына толық тіркеу, сырғалау, таңбалау және тасымалдау кезінде ветеринариялық анықтамалардың болуы.
Бақташылық жүйесі: Малды жайылымға қараусыз жібермеу, бақташылармен келісімшарт жасасу. Ереже бұзғандарға ҚР ӘКӨК-нің 408-бабымен айыппұл салынатыны ескертілді.
АРҚАРЛЫ АУЫЛЫНДА МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-arkarly/press/news/details/1288195?lang=kk