Төмендегі көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік-тарифтік реттеу шараларын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану тауарлардың шығарылған жеріне байланысты болатын барлық жағдайларда тауарлардың шығарылған жері расталады.
Тауарлардың шығарылған жерін растау, егер:
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын;
тауарлар Кеден Кодексінің 39 және 45-1-тарауларына (жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты) сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін;
әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында көзделген жағдайларда орын алған жағдайларда талап етілмейді.
Егер кеден органы тауарлардың өзінен шыққан тауарлар:
Одақ туралы шартқа сәйкес белгіленген тыйым салулар мен шектеулерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына әкелуге;
Одақ туралы шартқа сәйкес белгіленген тыйым салулар мен шектеулерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан немесе Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне тыйым салынған елден (елдер тобынан, елдердің кеден одағынан, елдің өңірінен немесе бір бөлігінен) шығарылғанын көрсететін белгілерді тапса, жоғарыдағы ережелерге қарамастан, тауарлардың шығарылған жері расталады.
Егер 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынған тауарлар өзінің аумағына осындай тауарларды әкелуге тыйым салынбаған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдау (тасу) үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылса, тауарлардың шығарылған жерін растау талап етілмейді.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекетке Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдау (тасу) үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды қоспағанда, кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден және өзге заңнамасының сақталуын тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жағдайларда және тәртіппен тауарлардың шығарылған жерін растауды талап етуге құқылы.
Тауардың шығарылған жері туралы декларация немесе тауардың шығарылған жері туралы сертификат тауардың шығарылған жері туралы құжаттар болып табылады. Тауардың шығарылған жері әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларына немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларына сәйкес тауардың шығарылған жері туралы декларациямен немесе тауардың шығарылған жері туралы сертификатпен расталады.
Тауарлардың шығарылған жерін растау және тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттар.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1288169?lang=kk