1 қыркүйек қарсаңында Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №31-мекемесінде акция өтіп, оның аясында сотталғандар туыстарына арнап гүл шоқтарын дайындады.
Гүл өсірумен және күтіп-баптаумен айналысатын сотталғандар шағын гүл шоқтарын өз қолдарымен жинады. Білім күні қарсаңында олар кездесулер кезінде туыстарға табысталды.
Көптеген отбасы үшін 1 қыркүйек – балалармен, немерелермен байланысты, жаңа оқу жылының басталуы мен отбасылық дәстүрлерге толы маңызды күн. Сондықтан гүлдер жай ғана сыйлық емес, жақындарға деген қамқорлық пен назардың белгісі болды.
Мекемеде гүл өсіру – еңбекпен емдеу және тәрбие жұмысының бір бөлігі. Өсімдіктерге күтім жасау жауапкершілікті, шыдамдылықты және ұқыптылықты талап етеді. Сотталғандар өз еңбектерінің жемісін туыстарына табыстай алды.
Осындай бастамалар отбасылық байланысты сақтауға бағытталған және сотталғандарға шығармашылық еңбек арқылы жақын адамдарына қамқорлық көрсетуге мүмкіндік береді.
Жаңа оқу жылы қарсаңында өз қолдарымен өсірілген гүлдер туыстар үшін жылы назардың белгісі және отбасылық қолдаудың маңыздылығын еске салды.
Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Баспасөз қызметі.