Басқармада «Құлан-2026» әскери жиынын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша жиын өтті.
Жиынға Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі, Төтенше жағдайлар, Полиция департаменттері, денсаулық сақтау, ақпарат және қоғамдық даму салаларының жауапты мамандары, Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің және мамандандырылған базаның жауапты өкілдері қатысты.
Кездесу барысында «Құлан-2026» әскери жиынына ауданның дайындығы, оны материалдық-техникалық қамтамасыз ету, әскери міндеттілерді орналастыру және тұрмыстық жағдайын ұйымдастыру, сондай-ақ әскери жиын барысында атқарылатын жұмыстар нақтыланып, жауапты мемлекеттік органдар мен мекемелердің міндеттері айқындалды.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен мекемелерге тиісті міндеттер жүктеліп, әскери жиынды белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды сапалы жүргізу қажеттігі атап өтілді.