Тұрақты комиссияның кезекті отырысы

Тұрақты комиссияның кезекті отырысы

Бүгін, 8 қыркүйек күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында   Бөкей ордасы аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау, білім беру, отбасы, балалар мен аналар, экология жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысын аудандық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Асылбек Нұралиев жүргізді. Аталмыш жиынға аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудан әкімі аппаратының басшысы Асқар Ажғалиев, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қуаныш Елемесов және тиісті сала басшылары, ауылдық округтер әкімдері (офлайн, онлайн)  қатысты. Күн тәртібінде төмендегіше мәселелер қаралды:

  1. Аудан мектептерінде 2026-2027 оқу жылының басталу барысы туралы;

Хабарламашы:Омарова Нұргүл Жігерқызы – аудандық білім беру бөлімінің басшысы;

  1. Ауданның мәдениет саласында, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы

Хабарламашы: Дүйсенова Данагүл Берікқызы – аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

    Тұрақты комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттарының ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, тиісті сала басшыларына хаттамалық ұсыныстар берілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/1287831?lang=kk