Әділет кеңес береді

Әділет кеңес береді

Ағымдағы жылдың 21 тамызында, Алматы облысының Әділет департаменті, Алматы облысы Талғар ауданының Отбасын қолдау орталығымен бірлесіп, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шеңберінде «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.

Іс-шараға адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары және заң кеңесшілері қатысты.

Іс-шара барысында азаматтарға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және іске асыруға қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу, нотариаттық қызмет, азаматтық-құқықтық қатынастар және өзге де құқықтық мәселелер бойынша тегін құқықтық консультациялар берілді.

Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.