Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері СОБР жауынгерлерімен бірлесіп, бопсалауға күдікті ер адамды ұстады.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті бірнеше ай бойы жәбірленушіге күш қолданып, одан 200 мың теңге талап еткен.
Жедел іс-шаралар барысында Ақтау қаласындағы бизнес-орталықтардың бірінің маңында ер адам ұсталды. Оның автокөлігін тексеру кезінде полицейлер жедел іс-шаралар аясында бұған дейін берілген 100 мың теңгені анықтап, тәркіледі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу амалдары жалғасуда. Оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталуда.
https://polisia.kz/ru/politsejskie-zaderzhali-podozrevaemogo-v-vymogatel-stve-v-aktau/