Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздегі жұмыс орындарының қолжетімділігі туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын күшейтудің маңыздылығына назар аударды.
— деп атап өтті Олжас Бектенов. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев жыл басынан бері жұмыс берушілер Электронды еңбек биржасында 845 мың бос жұмыс орнын жариялағанын, оның ішінде 432 мыңы жұмысшы мамандықтарға тиесілі екенін атап өтті. Оның айтуынша, азаматтардың 60-70%-ы жұмысқа Электронды еңбек биржасы арқылы орналасады. Бұл ретте бос жұмыс орындарының 30-40%-ы толтырылмай қалады. Қолда бар кадрға деген қажеттіліктің орнын толтыру үшін жұмыс берушілер шетелдік жұмыс күшін тартуда. Жыл сайын елімізге 300 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істеу үшін келеді.
— деді Асқарбек Ертаев. @KZgovernment