Қабанбай ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері жасөспірімдер арасында есірткі заттарының зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында мектеп оқушыларына «Есірткі – өмірді жалмайтын күш» тақырыбында ақпараттық буклеттер таратылып, арнайы дайындалған инфографика арқылы есірткінің адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және болашағына тигізетін кері әсері түсіндірілді.
Шараның негізгі мақсаты — жастардың есірткіге қарсы көзқарасын қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Оқушыларға есірткіден аулақ болу, бос уақытты тиімді пайдалану және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы айтылды.
Есірткіге жол жоқ! Салауатты өмір — жарқын болашақтың кепілі!