Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жария тыңдаулардың өткізілетіндігін хабарлайды

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ ішкі рейстерде жолаушыларды телескоптық трап арқылы отырғызу-түсіру қызметіне белгіленген шекті бағаны көтеру мәселесі бойынша өтінішін қарау барысында жария тыңдаудың өткізілетіндігін хабарлайды.

         Жария тыңдаулар 2026 жылғы 18 қыркүйекте сағат 15-00-да, ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі (конференция идентификаторы: 791 769 16 15, кіру коды: 12345).

         Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.

         Байланыс телефондар: +7 7172 57-23-19; + 7 771 388 63 11.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/1287315?lang=kk