Жол қауіпсіздігі – ортақ міндет!

Жол қауіпсіздігі – ортақ міндет!

Жаңа оқу жылының басталуына орай балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, тұрғындардың жол қозғалысы саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру және жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілді.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері «Young Generation» жастар еріктілер тобымен бірлесіп, Ақтау қаласының бірнеше шағын ауданында мекенжайлық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында тұрғындарға жол қозғалысы ережелерін сақтау, балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тұрғындарға жол қауіпсіздігі тақырыбында ақпараттық-әлеуметтік брошюралар таратылды.

Профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде 1500-ден астам отбасы жол қауіпсіздігіне қатысты маңызды ақпаратпен қамтылды.

Полиция қызметкерлері ата-аналар мен барлық жол қозғалысына қатысушыларды балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!

https://www.instagram.com/reel/Dc-5ecHsIEs/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1286974?lang=kk