Түркістан облысында суға шомылу маусымының қорытындысы шығарылды

Түркістан облысында суға шомылу маусымының қорытындысы шығарылды

2026 жылғы суға шомылу маусымы барысында Түркістан облысында азаматтардың, әсіресе балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Облыс аумағында 19 арнайы шомылу орны дайындалып, 111 қауіпті учаскеде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жыл басынан бері 1 549 рейдтік-патрульдік іс-шара өткізіліп, қауіпсіздік талаптарын бұзған 177 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Оқушылар арасында 7 мыңнан астам профилактикалық сабақ өткізіліп, 2 680 жасөспірім жүзуге үйретілді.

Судағы қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1286944?lang=kk