Мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясы өткізілді

Мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясы өткізілді

2026 жылғы 4 қыркүйекте Денисов аудандық мәслихатының төрағасы Шерер Виктор Викторовичтің төрағалығымен және Денисов ауданы әкімі Руслан Жуламанұлы Катпаевтың қатысуымен сегізінші шақырылымдағы мәслихаттың кезекті сессиясы өтті.

Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары, ауылдық округтер мен ауылдардың әкімдері шақырылды.

Сессия барысында келесі мәселелер қаралды:

1. Денисов ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы.

2. Денисов аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының шығып кеткен мүшесін орнына сайлау туралы.

3. Шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссиясының мүшесін сайлау туралы.

4. Денисовка ауылында және  Денисов   ауданы елді мекендерінің жерлерінде жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы.

Өз есебінде Денисов ауданының әкімі Р.Ж. Катпаев ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын ұсынды және алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді белгіледі.

Ауданның сайлау комиссияларының құрамына жаңа мүшелерді сайлау мәселесі бойынша мәслихат төрағасы В.В. Шерер сөз сөйледі.

Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы «Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.А. Дюсебаев тыңдалды.

Сессия барысында Денисов аудандық мәслихатының депутаттары мәслихаттың тиісті шешімдерін қабылдауға дауыс берді.

Отырыстың трансляциясына сілтеме:

https://www.facebook.com/share/v/19KL41Jb32/

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-denisov/press/news/details/1286917?lang=kk