Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті өкілінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер мәселелері бойынша кеңес өтті.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Сагадиева Гүлмира Муталлаевна 2026 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейтуге және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған негізгі нормаларды түсіндірді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Іс-шара қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1286700?lang=kk