Әр тілде сөйлесек те, жүрегіміздің соғуы – бір, ол – Қазақстан!
Біз – бір шаңырақ астында татулық пен келісімде өмір сүріп жатқан, достығы мен бірлігі жарасқан біртұтас елміз.
Қазақстан халқы тілдері күніне орай Шет ауданы мәдениет үйінің алаңында ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шара барысында түрлі этнос өкілдері ұлттық киімдерін киіп, өз ана тілдерінде көпшілікке жүрекжарды құттықтауларын жеткізді. Сонымен қатар әр ұлттың ұлттық тағамдары, салт-дәстүрлері, өнері мен мәдени мұрасы көпшілік назарына ұсынылды.
Шара ұлттық әндер мен әсем билерге ұласып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Тіліміз – түрлі, тілегіміз – бір!
Дәстүріміз – әр алуан, достығымыз – мәңгілік!
Бір шаңырақ астында – біртұтас Қазақстан!
✨ҚАЗАҚСТАН – КӨПҰЛТТЫ, ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН МЕМЛЕКЕТ!
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1286693?lang=kk