1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін Қазақстанның барлық өңірінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтеді. Акцияның негізгі мақсаты — аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындалу барысында қолдау көрсету, сондай-ақ әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке бармауының алдын алу. Дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында ауыл әкімі мен Нұра ауданының Мәдениет үйінің қолдауымен ауылымыздың екі отбасына қажетті мектеп құрал-жабдықтары табысталды.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk-shahter/press/news/details/1286661?lang=kk