БЕЛГІЛЕНБЕГЕН ОРЫНДАРДА САУДАҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

БЕЛГІЛЕНБЕГЕН ОРЫНДАРДА САУДАҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Жалағаш кенті аумағында санитарлық талаптар мен қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ рұқсатсыз сауда орындарының алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
🔸Кезекті бақылау барысында сауда қызметін белгіленбеген орындарда рұқсатсыз айналысқан кәсіпкерлерге Жалағаш кенті әкімі аппараты , аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің қызметкерлері тарапынан сауда қызметін заң талаптарына сәйкес жүргізу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
🔸Кәсіпкерлерге белгіленбеген орындарда сауда жасауға жол берілмейтіні ескертіліп, қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-district/press/news/details/1286635?lang=kk