«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Жамбыл облысында санитариялық тазалықты қамтамасыз ету, абаттандыру және көгалдандыру бағытында сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында бекітілген аумақтар тазартылып, шөптер орылып, күл-қоқыс жиналып, аумақтар ретке келтірілді.