«Таза Қазақстан» – тазалықтан басталады!

«Таза Қазақстан» – тазалықтан басталады!

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауылымызда санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Ауыл аумағындағы арықтар тазаланып, қоқыстар жиналып, су жүретін жолдардың қалыпты жұмыс істеуіне жағдай жасалуда. Арықтарды уақтылы тазалау – көшелердің тазалығын сақтап қана қоймай, жауын-шашын кезінде судың еркін ағуына мүмкіндік береді.
Туған жеріміздің тазалығы – баршамызға ортақ міндет. Әр тұрғын өз ауласы мен көшесінің тазалығына жауапкершілікпен қарап, қоршаған ортаны таза ұстауға үлес қосайық!
Таза ауыл – таза орта – жарқын болашақ!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-kainarly/press/news/details/1286624?lang=kk