Жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілуде
Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Аудандық мәдениет үйі» КММ-де мемлекеттік еңбек инспекторы Н. Досмахановтың қатысуымен жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында мекемедегі еңбек заңнамасының сақталуы, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерінің қамтамасыз етілуі, еңбек шарттарының талапқа сай рәсімделуі, жұмыс уақытының сақталуы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы бойынша тиісті құжаттар зерделенді.
Сонымен қатар, қызметкерлерге еңбек заңнамасының талаптары түсіндіріліп, анықталған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру жұмыстарының негізгі мақсаты – еңбек қатынастары саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету.