«Апгрейд» жобасын іске асыру аясында «Педагогтің кәсіби әл-ауқаты: эмоционалдық күйзелудің алдын алу және тұлғалық ресурстарды дамыту» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинарға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог-психологтары қатысты.
Іс-шара барысында мамандардың психологиялық денсаулығын сақтау, эмоционалдық күйзелудің алдын алу, стресске төзімділікті арттыру және тұлғалық ресурстарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар кәсіби білімдерін толықтырып қана қоймай, эмоционалдық тепе-теңдікті қалпына келтіруге, ішкі тұрақтылықты арттыруға және кәсіби ресурсты сақтауға бағытталған практикалық әдіс-тәсілдермен танысты.
✨ Педагогтің психологиялық әл-ауқатына қамқорлық жасау — бала үшін қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға қосылған маңызды үлес.