Құрметті Сандықтау ауданының тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан халқының тілдері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тіл – әр халықтың баға жетпес рухани мұрасы, оның мәдениетінің, тарихы мен ұлттық болмысының негізі. Сандықтау ауданында түрлі ұлт өкілдері бейбітшілік пен татулықта өмір сүріп келеді. Әр халықтың ана тіліне, мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарау – бірлігіміз бен өзара түсіністігіміздің маңызды бөлігі.
Еліміз үшін қазақ тілінің орны ерекше. Ол – халықты біріктіретін, ұлттық бірегейліктің маңызды нышаны болып табылатын мемлекеттік тіл.
Баршаңызға зор денсаулық, амандық, бейбітшілік және жаңа жетістіктер тілеймін!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.
Аудан әкімінің Қазақстан халқының тілдері күнімен құттықтауы
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1286489?lang=kk