4 қыркүйек күні Шет ауданында Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тіл-FEST» аудандық тілдер фестивалі өтті.
Фестивальдің басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстар арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, әр халықтың тілі мен дәстүріне құрмет көрсету.
Мерекелік шара барысында мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген тіл жанашырлары арнайы номинациялармен марапатталды.
Шет ауданы әкімінің арнайы номинациясымен:
Жаныбеков Ертай Жарылғапұлы – аудандық «Ұлағат» қазақ тілі қоғамдық бірлестігінің төрағасы, тіл жанашыры – «Тіл жанашыры» номинациясымен;
Тасырбаева Гаухар Болатқызы – Ақадыр кенті әкімінің орынбасары, тіл жанашыры – «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» номинациясымен марапатталды.
Арнайы номинация иегерлеріне диплом, сувенир және ақшалай сертификаттар табысталды. Сонымен қатар Шет ауданы әкімінің Алғыс хатымен:
Иргимбаева Балшекер Амиртайқызы – Кеншоқы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
Жакишева Тоғжан Егінбайқызы – Босаға ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
Касимова Шынар Қуанышбекқызы – Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы марапатталды.
Фестивальдің мерекелік бағдарламасында ауданның ауыл-кенттерінен келген шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздар өнер көрсетті. Сахна төрінде өзбек, ұйғыр, кәріс, қырғыз, поляк, украин, грузин, татар, орыс, моңғол, тәжік және қазақ халқының әндері мен ұлттық билері орындалып, әр этностың мәдениеті мен өнері көрермен назарына ұсынылды.
Ұлттық билер орындалып, түрлі тілдердегі әндер шырқалып, домбырамен орындалған шығармалар мен дәстүрлі өнер үлгілері ұсынылды. Осылайша, бір сахнада түрлі мәдениеттер тоғысып, достық пен татулықтың жарқын көрінісі қалыптасты.
Фестиваль аясында ұлттық тағамдар көрмесі, «Qazaq Brand Market» азық-түлік жәрмеңкесі, «Қазақша сөйлейік!» Talk&Play аймағындағы интеллектуалдық ойындар мен квиздер, «Q-Креатив» шығармашылық алаңы ұйымдастырылды. Сонымен қатар қол күрес, арқан тартыс сынды ұлттық спорттық ойындар өткізілді.
Фестиваль түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен өнерін дәріптеп, ел бірлігі мен татулықты нығайта түсетін тағылымды шараға айналды.
Тіл – халықты біріктіретін алтын көпір. Ал бірлік пен татулық – елдігіміздің берік негізі.
Шараға атсалысқан барша өнерпаздар мен қатысушыларға алғыс білдіреміз!
#ТілдерКүніҚұттыБолсын #ТілБірлігі #ТілгеҚұрмет #ТілFest #ШетАуданы #ТілдерКүні #МемлекеттікТіл #Бірлік #Татулық #Достық