Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады

Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың бірінші сессиясында айтты.
«Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады. Бұл – Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган. Еліміздің этникалық, аймақтық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстыратын жаңа құрылым заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болады. Шын мәнінде, бұл – бірегей орган», - деді жиында Президент.
Осылайша, қысқа уақыттың ішінде биліктің барлық негізгі институттары жаңарады

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1285976?lang=kk