Мемлекеттік қызметте – мемлекеттік тілде сөйлейік!

Мемлекеттік қызметте – мемлекеттік тілде сөйлейік!

Бүгін мемлекеттік қызметкерлер арасында қазақ тілін дамыту мәселесі бойынша маңызды кездесу өтті. Кездесуде: - Қызмет көрсету кезінде қазақ тілін барынша қолдану; - Іс қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жүргізу; - Тіл мәдениетін арттыруға арналған жобалар мен оқыту курстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Тіл – ұлттың жаны. Мемлекеттік қызметкер әрбір азаматқа ана тілінде қызмет көрсету арқылы құрмет пен сенімді арттырады. Біздің мақсат – қазақ тілін тек құжатта ғана емес, күнделікті жұмыста да қолданылатын тірі тілге айналдыру. Алғашқы қадамды өзімізден бастайық!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-bakaly/press/news/details/1285457?lang=kk