№339 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ДАУЫС БЕРУ ЖАЛҒАСУДА

№339 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ДАУЫС БЕРУ ЖАЛҒАСУДА

Қаратау ауданындағы Нұрсәт-2 шағын ауданында орналасқан Дінмұхамед Қонаев атындағы мектепте №339 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасуда.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Қашқабаевтың айтуынша, сайлаушылар үшін қажетті жағдай жасалып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылған. Комиссия құрамында Қаратау ауданындағы түрлі ұйымдардың атынан 8 адам бар.

Аталған сайлау учаскесіне барлығы 2842 сайлаушы тіркелген. Таңертеңнен бастап тұрғындар өздерінің сайлау құқығын пайдаланып, Қазақстан тарихында өтіп жатқан алғашқы Құрылтай сайлауына қатысу үшін учаскеге келуде.

Қазіргі уақытта 100-ден астам адам дауыс беріп үлгерген. Дауыс беру барысы тыныш әрі ұйымдасқан түрде, белгіленген талаптарға сәйкес өтіп жатыр. Комиссия мүшелері сайлаушыларды қарсы алып, қажетті көмек көрсетіп, тәртіптің сақталуын бақылауда.

№339 сайлау учаскесіндегі жұмыс жалғасуда. Нұрсәт-2 шағын ауданының тұрғындары Құрылтай сайлауына белсенді қатысып жатыр.