Қаратал ауылдық округінде әскери міндеттілік мәселелері бойынша оқу-жаттығу өткізілді

Қаратал ауылдық округінде әскери міндеттілік мәселелері бойынша оқу-жаттығу өткізілді

Қаратал ауылдық округі әкімінің аппаратында азаматтарды әскери қызметке шақыру мәселелері бойынша оқу-жаттығу өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушыларға әскери міндеттілікке қатысты құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әскери қызмет саласындағы заңнамасына енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтар таныстырылып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, әскери міндеттілікті орындау тәртібі туралы ақпараттандыруға бағытталған.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-karatal/press/news/details/1283730?lang=kk