Тбилиси, 2026 жылғы 27 қараша – Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі Талғат Адуов Норвегия Корольдігінің Елшісі Лисе Нургордпен және Бразилия Федеративтік Республикасының Елшісі Карлос Р. Мартинс Сеглиямен кездесулер өткізді.
Қазақстандық дипломат әріптестерімен екіжақты қатынастардың өзекті мәселелерін, оның ішінде саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты талқылады. Сондай-ақ тараптар өз елдерінің аккредиттелген мемлекетпен қарым-қатынастары жөнінде пікір алмасты.
Екі кездесу барысында Елші Т. Адуов сұхбаттастарын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар жұмыс байланыстарын сақтауға және ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екендіктерін растады.