Қазақстан мен Болгария жасанды интеллект және цифрлық даму саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан мен Болгария жасанды интеллект және цифрлық даму саласындағы ынтымақтастықты талқылады

София, 2026 жылғы 27 қараша – Қазақстанның Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның Инновациялар және цифрлық трансформация министрі Иван Василевпен кездесті.

Сұхбат барысында жасанды интеллект, цифрлық инфрақұрылым және электрондық үкімет салаларындағы Қазақстан мен Болгарияның ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ мамандар даярлау бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндіктері талқыланды.

В.Темірбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен
2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланғанын атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында цифрлық экономиканы дамытуды елдің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындады.

Бұл ретте, Елші болгар тарапына Қазақстанның есептеу және телекоммуникация инфрақұрылымының дамуы, соның ішінде Alem.Cloud суперкомпьютерінің мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету және Alem.ai халықаралық орталығы мен Tomorrow School мектебінің білім беру бағдарламалары аясында кадрлар даярлау кезінде жасанды интеллектіні қолдану туралы хабарлады.

Өз кезегінде И.Василев экономиканың өнімділігін және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ бизнесті қолдау үшін жасанды интеллектіні қолдану бойынша Қазақстан қабылдаған шаралардың маңызын атап өтті. Министр Екібастұзда деректерді өңдеу орталығын құру жобасының маңызын, Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісінің рөлін, сондай-ақ Азия мен Еуропа арасындағы цифрлық байланысты одан әрі дамытудың маңызын атап өтті.

Тараптар Қазақстан мен Болгария арасындағы цифрлық даму және жасанды интеллект саласындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге, сондай-ақ цифрлық даму, бірлескен стартаптарды қолдау және GovTech салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-sofia/press/news/details/1338677?lang=kk