Бұлтартпау шарасын таңдау туралы

Бұлтартпау шарасын таңдау туралы

2026 жылғы 26 қарашада тергеу сотының санкциясымен «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының өндіріс жөніндегі бас директоры К. Омарбековке және департаментінің бас менеджері Е. Байқұловқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.


Шешім тағылған айып бойынша іс-әрекеттердің сипаты мен ауырлығы ескеріле отырып, сондай-ақ ықтимал сыбайластар мен куәларға қысым көрсетуге, дәлелдемелер мен қылмыстық жолмен алынған мүлікті жасыруға жол бермеу мақсатында қабылданды.

Істің барлық мән-жайларын анықтау бойынша процестік әрекеттер жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/knb/press/news/details/1338668?lang=kk