«Сыпатай батыр» өткізу пункті арқылы көлік құралдарын өткізуге уақытша шектеу енгізілді

«Сыпатай батыр» өткізу пункті арқылы көлік құралдарын өткізуге уақытша шектеу енгізілді

🚧 Жамбыл облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің 25.11.2026 жылғы ақпаратына сәйкес, мемлекеттік шекарадан өтетін азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Сыпатай батыр» өткізу пункті арқылы көлік құралдарын өткізуге уақытша шектеу енгізілді.

⚠️ Аталған өткізу пункті арқылы Қырғыз Республикасы бағытында тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардан, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан және өзге де мүдделі тұлғалардан маршруттарды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1338365?lang=kk