Жұмыс берушіңіз сіз үшін әлеуметтік аударымдарды уақытылы аударып жүр ме? Оны уақытылы тексеріп отырған жөн. Төлемдерде үзіліс бар-жоғын дер кезінде анықтап, қажет болған жағдайда тиісті түсініктеме алып отыру керек.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) аударылатын әлеуметтік аударымдар азаматтың әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда төлем алу құқығын қалыптастырады. Ал аударымдардың толық әрі тұрақты жүргізілуі көрсетілетін қолдаудың мөлшеріне тікелей әсер етеді.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube