Отбасыға қолдау: ортақ міндет, бірлескен жұмыс

Отбасыға қолдау: ортақ міндет, бірлескен жұмыс

Отбасындағы қиындықты шешу үшін кейде бірнеше бағытта көмек қажет болады. Психологиялық кеңес, әлеуметтік қолдау, құқықтық көмек көрсету барысында мамандардың өзара байланысы қалай құрылуы керек? Дариянда «Берік отбасы – әділ қоғам» тақырыбында өткен ведомствоаралық семинар-практикумда осы мәселелер талқыланды.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған басқосуға Приурал полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық отбасы орталығының, жергілікті атқарушы құрымдардың өкілдері, психологтар мен нарколог-дәрігер қатысты. Мектептердің әлеуметтік педагогтері, кітапханашылар, «Келіндер-ай» клубының мүшелері және қоғам белсенділері де бұл іс-шарадан тыс қалған жоқ.
Кездесуде отбасындағы сыйластық пен жауапкершілік, өзара түсіністік және қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жайы сөз кеңінен болды. Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету мәселесі де айтылды. Қатысушылар мұндай жанұялармен жұмыс жүргізу алгоритміне, көрсетілетін қолдау шараларына және мекемелердің өзара іс-қимылына да мән берді.
Айта кету керек, күн тәртібіндегі бұл мәселелер түрлі сала мамандарының күнделікті қызметімен тікелей байланысты. Сондықтан семинарда түрлі сала өкілдері отбасылармен жұмыс жөнінде пікір алмасып, әріптестерінің тәжірибелерімен танысып, тапсырмалар орындап, өзара ой бөлісті.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1338341?lang=kk