Атырау облысының прокуратурасы 4 мыңнан астам баланың конституциялық құқығын қорғады.
Мысалы, Махамбет ауданындағы З. Ещанов атындағы балалар өнер мектебі 400-ден астам баланың дербес деректерін шетелдік цифрлық платформада (кітапханада) жариялаған.
Басқа жағдайда, Жылыой ауданындағы №6 мектепте 2 000-нан астам оқушының дербес деректері ата-аналарының келісімінсіз оқу орнына қатысуды есепке алатын бағдарламаға енгізілген.
Конституция әркімге жеке құпияға және дербес деректерді қорғауға құқық кепілдік береді.
Сондықтан оларды қорғау жауапкершілігі заңды өкілдерге ғана емес, білім беру ұйымдарына да жүктелген.
Атырау қаласындағы мектептердің бірінде дәретханаға бейнебақылау камераларын орнату арқылы 1 400-ден астам баланың құқығы бұзылған. Бұл жағдай баланың психологиялық және эмоционалдық зардаптарға ұшырау қаупін тудырады.
Аталған фактілердің барлығы бойынша қадағалау актісі бойынша бұзылған құқықтар қалпына келтіріліп, кінәлілер жауаптылыққа тартылды.
Балалардың жеке құпияға және дербес деректерді қорғауға құқығы прокуратураның басты назарында.
Атырау облысының прокуратурасы