📢 ХАБАРЛАНДЫРУ! ҚҰРМЕТТІ ҰЙҒЫР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
2026 жылғы 11 желтоқсанда елімізде «Халық заңгері» мерейтойлық республикалық акциясы өтеді!
Бұл шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, жаңа Конституция ережелері мен «Заң мен тәртіп» қағидаттарын түсіндіру, сондай-ақ азаматтарға ТЕГІН заңгерлік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылуда.
Сіздерді толғандырып жүрген сұрақтарға кімдер жауап береді?
✅ Прокуратура органдарының өкілдері;
✅ Аудан әкімдігінің басшылығы мен дербес бөлім басшылары (жер қатынастары, сәулет және құрылыс, әлеуметтік қорғау, ТҮКШ, білім беру, кәсіпкерлік және т.б. салалар бойынша);
✅ Құқық қорғау органдарының өкілдері;
✅ Білікті адвокаттар, нотариустар, заң консультанттары және жеке сот орындаушылары.
💡 Кез келген құқықтық мәселе бойынша тегін кеңес алып, өзекті сұрақтарыңызды тікелей басшыларға қою мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!
🗓 Өтетін күні: 2026 жылғы 11 желтоқсан
⏰ Уақыты: сағат 10:00 ден бастап
📍 Өтетін орны: Шонжы ауылы, Аудандық кітапхана
🎟 Кіру және кеңес алу — ТЕГІН! (Алдын ала жазылу қажет емес)
Өзіңізбен бірге мәселеңізге қатысты құжаттарды (бар болса) ала келуіңізге болады.