«Заң және тәртіп» – қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің негізі!
«Заң мен тәртіп» қағидаты – құқық үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және қоғамда жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды мемлекеттік басымдық.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті «Заң мен тәртіп» қағидатын қолдайды және өз қызметінде заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету және ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алады.
Заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, қоғамдық тәртіпке құрметпен қарау – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру қоғамның тұрақты дамуының маңызды шарттары болып табылады.
Заң үстемдік құрған қоғамда әділдік пен сенім нығайып, азаматтардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге берік негіз қаланады.
Заң мен тәртіп – баршаға ортақ жауапкершілік!
#заңжәнетәртіп
#еңбекжәнехалықтыәлеуметтікқорғау
#министерствотрудаисоциальнойзащитынаселения
#законипорядок
#Жетісуәлеуметтікқорғау