Баспасөз релизі

        2026 жылдың 20 қараша күні Жангелдин аудандық «Мәдениет үйі» ғимаратында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкенің мақсаты – жұртшылыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандыру, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау мен мемлекеттік орган өкілдері тарапынан салалық кеңес беру. Жәрмеңкеге аудан әкімі аппаратының,  тұрғын үй  қатынастары саласының жауапты қызметкерлері қатысты. Қабылдаған азаматтар саны -5. Барлық сұрақтарға  жеке түсінік беріп, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/1338285?lang=kk