2026 жылғы 27 қарашада Департамент басшысының орынбасары Е.И. Пивоваров, өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерді бақылау бөлімінің басшысы Н.А.Тоқтамұратова, коммуналдық объектілерді бақылау бөлімінің басшысының м.а. Д.Нұрқайыр, сондай-ақ мониторинг, талдау және тәуекелдерді бағалау бөлімінің басшысының м.а. А.А.Қайрғазина «Халық үшін қолайлы қауіп-қатер критерийлері бойынша атмосфералық ауа мен ауыз су сапасын мониторингтеу» тақырыбындағы семинарға қатысты.
Семинарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК «Х. Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» филиалы және «СЭЭжМҒО» филиалы ұйымдастырды.
Семинар барысында Н.А.Тоқтамұратова, Д.Нұрқайыр және А.А.Қайрғазина қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезеңінде санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде атмосфералық ауадан сынама алуды жоспарлау, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы халқының денсаулық жағдайына атмосфералық ауаның ластануының әсерін бағалау мәселелері бойынша баяндамалар жасады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі атмосфералық ауа мен ауыз су сапасына жүргізілген мониторинг нәтижелері халық денсаулығы үшін қолайлы қауіп-қатер критерийлері тұрғысынан талқыланып, негізгі проблемалық мәселелер қарастырылды және қауіп-қатерді бағалау процесін одан әрі жетілдірудің басым бағыттары айқындалды.