«Көлік құралдарын декларациялау кезінде кедендік бақылау шараларын қолдану тәртібі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Көлік құралдарын декларациялау кезінде кедендік бақылау шараларын қолдану тәртібі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

_____Дөңгелек үстел барысында көлік құралдарын декларациялау кезінде оларға кедендік бақылау жүргізу тәртібі қаралды. 

_____Негізгі назар кедендік декларацияда көрсетілген мәліметтер мен ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеруге аударылды.

_____Сонымен қатар көлік құралының сәйкестендіру деректері, техникалық сипаттамалары, шығарылған жылы және кедендік төлемдердің мөлшеріне әсер ететін басқа да мәліметтерді анықтау мәселелері қарастырылды.

_____Декларациялау кезінде мәліметтердің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қосымша кедендік бақылау шаралары жүргізілуі мүмкін.

_____Қорытындысы бойынша: көлік құралдарын декларациялау кезінде кедендік бақылауды белгіленген тәртіппен жүргізу және ұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету ұсынылды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-gdu/press/news/details/1283675?lang=kk