Семинар өткізу туралы

Семинар өткізу туралы
Ағымдағы жылдың 24 қарашасында ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының 2.5-тармақты орындау шеңберінде Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерімен семинар-кеңес ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараға Өскемен қаласы полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің, сондай-ақ Өскемен қаласы әкімдігінің "Үлбі "халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің қалалық аумақтық орталығы" КММ өкілдері қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, жауапты құқықтық мінез-құлықты қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ моральдық-этикалық қағидаттарды нығайту және қызметтік және күнделікті өмірде құқыққа қайшы мінез-құлыққа жол бермеу болды.
Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша қатысушыларға қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берілді. Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыруға, құқық бұзушылықтарға төзбеушілікті қалыптастыруға және қызметтік әдеп қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді деп сенеміз.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1338256?lang=kk