2026 жылғы 25 қарашада Қаратал ауданы бойынша «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету және тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсатында Айту мен Балпық ауылдық округінің тұрғындарына арнап «Ашық есік күні» өткізілді.
Өткізілген іс-шараның мақсаты:
Ауыл тұрғындарына заңнама талаптары бойынша кеңес беру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға қатысты сұрақтарына түсінікті жауаптар ұсыну. Сондай-ақ, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттандыру, құқықтық мәселелерді шешуге қолдау көрсету және тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты нығайту.