«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ның тапсырысы бойынша «Ақ көгершін» қоғамдық бірлестігі «Репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасын жүзеге асырды.

«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ның тапсырысы бойынша «Ақ көгершін» қоғамдық бірлестігі «Репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасын жүзеге асырды.

Жоба халықтың, оның ішінде жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулықты сақтау, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ), АИТВ-инфекциясының алдын алу, сондай-ақ жоспарланбаған және ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталды. Іс-шаралар Арқалық қаласын, Рудный қаласын, Жітіқара, Амангелді және Жангелдин аудандарын қамтыды.

Жоба аясында жалпы саны 3 278 адамды қамтыған 67 профилактикалық іс-шара өткізілді. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 274 адамға артық.

Іс-шаралар бағдарламасына «Денсаулық аумағы» атты 8 акция, 8 дөңгелек үстел, 25 семинар-тренинг, ауылдық елді мекендерде 20 дәріс, сондай-ақ баспасөз конференциясы кірді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары. 1 281 адамды қамтыған 5 онлайн сауалнама жүргізілді. Мүдделі ұйымдарға арналған орыс және қазақ тілдеріндегі 10 әдістемелік ұсыным әзірленді. А3 форматындағы 500 ақпараттық-оқыту плакаты дайындалды. Әлеуметтік желілерде 4 ақпараттық материал жарияланды, қазақ және орыс тілдерінде бейнероликтер, LED-экранда 30 секундтық бейнеролик және бейнефильм орналастырылды. Әрбір ақпараттық материалдың әлеуметтік желілердегі қаралым саны 1 500-ден асты.

Кері байланыс нәтижелері бойынша өткізілген іс-шараларға қатысушылардың қанағаттану деңгейі 50–70%-дан асты.

Жобаны іске асыру халықтың әртүрлі жас топтары арасында профилактикалық және ағартушылық жұмыстарға сұраныстың жоғары екенін көрсетті. Білім беру ұйымдары, мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылдың жандануы маңызды нәтижелердің бірі болды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-densaulyk/press/news/details/1336366?lang=kk