Қызылордалық полицейлер «Кітап оқитын ұлт» жобасына қатысуда

Қызылордалық полицейлер «Кітап оқитын ұлт» жобасына қатысуда

«Мен батылдықты тек жұдырықтасып төбелесуден іздемеу керек деп айтқан болатынмын. Батылдық әдебиет майданында да керек», – деген Бауыржан Момышұлының сөзі батылдықтың тек іс-әрекетпен ғана емес, ой мен шығармашылықта да көрініс табатынын көрсетеді.
Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Бауыржан Момышұлының «Соғыс психологиясы» еңбегін оқып, шығарманың мазмұны мен автордың пайымдарына талдау жасауда.
Кітап оқу үдерісімен қатар, қызметкерлер арасында шығармадағы негізгі ойларды талқылау, пікір алмасу жұмыстары жүргізілуде. Бұл оқырмандардың таным көкжиегін кеңейтіп, әдеби туындының мазмұнын тереңірек зерделеуіне ықпал етеді.
Полиция қызметкерлері үшін кәсіби білім мен заң талаптарын жетік меңгеру маңызды. Сонымен қатар рухани кемелдік пен кең дүниетаным да қызмет сапасын арттыруға негіз болады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1336029?lang=kk