Қызылордада мас күйде көлік жүргізген азамат 15 тәулікке қамалды

Қызылордада мас күйде көлік жүргізген азамат 15 тәулікке қамалды

Қызылорда қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында мас күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтады.
Рейд барысында полиция қызметкерлері күдік тудырған «Toyota RAV4» маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру кезінде 33 жастағы жүргізушінің алкогольдік масаң күйде екені анықталды.
Құқық бұзушы полиция бөліміне жеткізілді. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот қаулысымен 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Айта кетейік, аталған құқық бұзушылық патрульдік полиция қызметкерлерінің бейнежетонына тіркелген.

Полиция жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға және алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін көлік тізгініне отырмауға шақырады. Мас күйінде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді.
“Заң мен тәртіп” қағидатын сақтау – әрбір жол қозғалысына қатысушының ортақ жауапкершілігі.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1336028?lang=kk