Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және бақылау іс-шараларының заңдылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша құқықтық оқыту өткізілді

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және бақылау іс-шараларының заңдылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша құқықтық оқыту өткізілді

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және бақылау іс-шараларының заңдылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша құқықтық оқыту өткізілді

Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің 2026 жылғы 11 қарашадағы № 86 хаттамасын орындау бағытында департаменттің қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары қызметкерлерінің қатысуымен құқықтық оқыту өткізілді.

Іс-шараға спикер ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының өкілі қатысты.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларға жол бермеу жөніндегі профилактикалық жұмысты күшейту, мемлекеттік органның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтау, сондай-ақ қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау мәселелері қаралды.

Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жүргізілетін жоспардан тыс тексерулердің заңдылығын қамтамасыз етуге, оларды тағайындаудың құқықтық негіздерінің сәйкестігіне, белгіленген тәртіппен тіркелуіне, сондай-ақ тексеруге қатысатын лауазымды тұлғалардың тиісті өкілеттіктерінің болуына ерекше назар аударылды.

Лауазымды тұлғаларға қызметтік жағдайын пайдалана отырып алаяқтық жасау, заңсыз сыйақы талап ету және кәсіпкерлерді негізсіз тексерулермен қорқыту әрекеттерінің қылмыстық-құқықтық салдары, сондай-ақ қызметтік өкілеттіктерді жеке мүддеге пайдалануға жол берілмейтіні түсіндірілді.

Сонымен қатар, жүргізілетін іс-шаралардың заңдылығына ішкі бақылауды күшейту және бағынышты қызметкерлердің қызметтік тәртіпті сақтауы үшін басшылардың дербес жауапкершілігін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық шараларды қабылдау мәселелері қаралды.

Жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізу санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жүргізілетін бақылау іс-шараларының заңдылығын қамтамасыз етуге және қызметтік тәртіпті нығайтуға бағытталған.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/1335850?lang=kk