Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында облыс тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, өтініш-тілектерін жеткізді және ішкі істер органдарының құзыреті шегінде тиісті түсініктемелер алды.
Атап айтсақ, азаматтардың өтініштері сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысына, жекелеген өтініштерді қарауға, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу мерзімдеріне қатысты болды.
Барлық өтініштер мұқият қаралды. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін жауапты құрылым басшыларына қолданыстағы заңнама аясында нақты тапсырмалар берілді.
Департамент басшылығы тұрғындармен ашық диалог орнатуға, азаматтардың өтініштерін уақтылы қарауға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ерекше назар аударады. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.